• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛДЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ (-3-)

Автор:admin

Июл 17, 2024
Spread the love

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында:
Жер жүзінде бәрімізді алаңдатын түрлі оқиғалар болып жатыр. Біртұтас ұлт ретінде дәл осы кезде біздің мақсатымыз да, ниетіміз де бір болуға тиіс. Қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды.
Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қарым-қатынас тіліне айналатынына сенімдімін.
Кең көлемде өткен жиынға аудан прокуроры А.Досаев, ҚР ҰҚК ТО бойынша департаменті Мақтаарал аудандық бөлімі бастығы О.Шынтаев, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қ.Сатыбалдиев, аудан мәслихатының төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Ердешов және аумақтық мекеме басшылары, облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары, кенттер мен ауылдық округі әкімдері және дербес бөлімдердің басшылары, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-сі Мақтаарал аудандық филиалы басшысы, аудандық ардагерлер кеңесі, әжелер кеңесі, ауыл билері, этномәдени орталықтарының төрағалары, этнос өкілдері (Өзбек, тәжік, әзербайжан, орыс, кәріс, т.б) және ауданның белсенді жастары қатысты…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика