• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МАҚТААРАЛ:«Халық заңгері» тегін құқықтық кеңес беру науқаны ұйымдастырылды

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

«Халық заңгері» науқаны Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, С.Жәштаев көшесі, №81 аудан әкімдігінің орталық кітапхана ғимаратында 30 мамыр күні жергілікті уақыт сағат 11:00-де өтті. Кезекті шараға аудан тұрғындарына Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің өкілдері Б.Дуйсенов, Г.Ибраевтар, Мақтаарал ауданының пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Н.Сабаев, Мақтаарал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері Ж.Даткаев, О.Сапаралы, Мақтаарал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғ.Жұмаділов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Мақтаарал аудандық филиал басшысы Н.Абдраманов, Мақтаарал ауданының «Мансап орталығының» өкілі Д.Абылкасимов, Жетісай және Мақтаарал ауданаралық №9 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің өкілі Ғ.Мурзалиев, БАҚ өкілдері, Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімінің өкілдері, Мақтаарал ауданының білікті нотариустері мен адвокаттары Т.Мауленов, Д.Жолдасов, Б.Спанов, С.Молдабеков, Б.Адразаков, Р.Карабаев, Ж.Бекбулатов, С.Акназаровтар, жеке сот орындаушылар Е.Тапиев, Е.Абдрамановтар қатысып, құқықтық кеңес берді.
Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығы өкілдерінен жеке құқықтық саладағы кез келген азаматтың проблемалық мәселелерін шешуге бағытталған құқықтық көмек көрсету болып табылды.
Жалпыреспубликалық науқанға қатысқан жергілікті тұрғындар өздерін мазалап жүрген сауалдарына нақты жауаптар ала алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика