Қазақстан Республикасының Конституциясына 29 жыл толуына орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталмыш шарада полиция қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Н.Саттаров пен Аманат партиясының төрағасы М.Сәрсенов құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар бөлім бастығының бұйрығымен 18 қызметкер алғысқа бөленді.
Іс-шара аясында бөлім бастығы Ердәулет Амантаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер қатарында ширек ғасыр абыроймен қызмет атқарып, осы салада еңбегі сіңген, талай жыл тер төккен ардагерлерді мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді.
«30 тамызда біз еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнін атап өтеміз. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдында басты міндет тұр. Ол — тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау. Біз еліміздің азаматтарының сенімін ақтауға және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоты болуға бар күш-жігерімізді салуымыз керек,» — деп атап өтті өз сөзінде полиция подполковнигі Е.Дарханұлы.