Түркістан облысы полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қадағалауымен аудан аумағында, 2024 жылдың 10 мен 16 маусым аралығында жергілікті атқарушы органдар және басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен бірлескен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Шараның мақсаты, Жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін, адам тасымалдайтын автобус жүргізушілеріне кеңес беру.
Техникалық жағдайы және конструкциясы бекітілген жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес келмейтін, Заңсыз қайта жабдықталған автобустармен жолаушылар тасымалдайтын басқа да автокөліктерді (такси) пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау.
Рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына және сапарға шығатын автокөліктерді міндетті түрде техникалық тексерілгеніне ерекше назар аудару болып табылады.
Аталған шара аудан көлемінде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі