• Пт. Авг 1st, 2025
Популярные метки

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

Автор:admin

Июл 31, 2025
Spread the love
Майдантал ауылында ерекше қуаныш орын алды. Жергілікті мұқтаж отбасыға жаңа баспана тарту етіліп, игі іске ауыл жастары мен жеке кәсіпкерлер ұйытқы болды. Ауыл халқының ауызбіршілігі мен ізгілігінің айғағына айналған бұл шара ел ішінде үлкен қолдау мен ризашылыққа ие болды.
✔️Қайырымдылық іс-шарасына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, елдің бірлігін жоғары бағалады. Сонымен қатар, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Арслан Рахматуллаев, ауыл ақсақалдары және тұрғындар шараның куәсі болды.
✔️Жаңа шаңырақтың кілті табысталып, отбасыға қажетті тұрмыстық заттармен қатар, ізгі тілектер мен баталар да жолданды. Ауыл ақсақалдары жастардың бастамасына ақ батасын беріп, осындай игі істердің көптеп жалғасуына тілектестігін білдірді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика