• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ӘЛ-ФАРАБИ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Автор:admin

Авг 8, 2024
Spread the love

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Әл-Фараби, Еңбекші аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Қаладағы 17, Қарасу, Текесу шағын аудандарыны мен Елтай, Тоғыс, Жыланбұзған және Айнатас тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер пысықталды. Аулаларды абаттандыру, қоқыстарды жинау, жер учаскелерін заңдастыру, кәріз жүйелерін жүргізу және көшелерді, саябақтарды жарықтандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, қала тұрғындары жасыл желектерді суару, суару жүйелерінің жағдайы мен жол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнатуға қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетерлік, «Аймар Құс» ЖШС бірінші кезеңде жылына 72 млн.дана жұмыртқа өндіреді. Бұл қала халқының жұмыртқа өніміне сұранысының 42%-ын қамтиды. 4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба 50-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жаңа құс фермасының өндірісімен танысқан қала басшсы бүгінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ саланы дамытуда
Құс фермасының іске қосылуы азық-түлік белдеуінің қалыптасуына оң әсер етіп қана қоймай, қала тұрғындарын жергілікті өніммен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне кіретін 1- санаттағы жұмыртқалардың бағасын тұрақтандыру мақсатында ашылған «Аймар Құс» ЖШС-мен айналым схемасы тетігі шеңберінде шарт жасалды. Форвардтық шарт аясында серіктестік 1-санаттағы жұмыртқаларды қала аумағындағы сауда нүктелеріне белгіленген бағамен өткізетін болады.
Әлемдік биоқауіпсіздік стандарттарына негізделген ферма тауық жұмыртқасын өндіру бағытында озық үлгідегі кәсіпорын болып табылады.
Еуропалық үлгідегі құрылғылармен жабдықталған кәсіпорында 2026 жылға дейін өндірістің 2-кезеңі іске қосылады. Онда тауықтарға арналған 8 цех және оларды өсіруге өсіруге арналған 1 цех салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2026 жылға қарай жұмыртқа салатын тауықтардың санын 660 мыңға жеткізу көзделуде. Бұл өндіріс көлемін жылына 220 млн.жұмыртқаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Елтай және Тоғыс тұрғын алаптарының халқы жаңа мектеп пен мәдениет үйін, сондай-ақ спорт кешенін салу бойынша өтініштерін білдірді. Қала әкімі орынбасарлары мен сала, аудан басшыларына келесі жылы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қарастыруды тапсырды.
Елтай тұрғын алабының азаматтары жаяу жүргіншілер өткелін салу, бейнебақылау камераларын орнату және балабақша қажеттіліктеріне де тоқталды. Ал Айнатас шағын ауданы тұрғындары жаңа мектеп салуды және қоғамдық көлік қозғалысын реттеуді сұрады. Қала әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды назарға алып, өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика