Жетісайлық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Күдікті әйел күндізгі уақытта көршісінің үйіне қарызға ақша сұрауға барған. Алайда есігі құлыптанбаған үй иесінің жоқтығын байқап, жатын бөлмесіндегі шкаф сөресінде тұрған бірнеше алтын бұйымдарын жымқырып кеткен.
Жәбірленушіге 2,5 миллион теңге жуық шығын келтірген. Содан соң ұрланған алтындарды өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталуда.
Айта кететін, ұрлық: қылмыстық құқықта — мүлікті жасырын қымқыру. Ұрлықтың қай заманда болсын қоғамға әлеуметтік әсерінен бөлек, саяси салқыны, мәдени зардабы да орасан.
Ұрлық қоғамдық немесе жеке меншікке қарсы жасалған қылмыстардың қатарына жатады. Жәбірленуші мен басқа адамдар байқамайды деген сеніммен қылмыскердің мүлікті жасырын жымқыруы ұрлықтың тонау мен барымталаудан айырмашылығы болып табылады. Кейбір мемлекеттердің қылмыстық кодекстерінде ұрлықты мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық және жеке меншікті иемдену мақсатындағы ұрлық деп екіге бөледі.
Мемлекеттік немесе қоғамдық меншікті ұрлық үшін жеке меншікті ұрлағаннан гөрі қатаңдау жаза қолданылады. Азаматтардың жеке мүлкін ұрлағаны үшін жауапкершілікті ауырлататын мән-жайларға заң бойынша мыналар жатады: ұрлықты қайталап жасау; ұрлықты бір топ адамдардың алдын ала келісіп жасауы; жәбірленушіге едәуір залал шектіру; ұрлықты аса қауіпті кәнігі қылмыскердің жасауы.
Ұрлыққа барған кінәлі тұлға соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.
Ұрлық әдетке, әдет әдепті бұзатын бұзатын ауыр күнәға апарады.
Біреудің мүлкіне қол салып қылмыс жасау абырой әкелмейтіні анық, «Ұрлық түбі-қорлық» демекші жақсылыққа жетелер жол емес екендігін әрбір азаматтың түсінгені дұрыс.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап, 2,5 миллион теңгеге жуық шығын келтірген күдікті анықталды
