• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі күшейді

Автор:admin

Авг 2, 2023
Spread the love

Елімізде жол-көлік оқиғаларының жиілеуі үлкен мәселе болып отыр. Мамандар салыстырмалы түрде алғанда жол көлік оқиғаларының азайып келе жатқанын айтады. Дегенмен әлі де болса сандар көңіл көншітпей отыр. Атап өтер жайт, бұдан бірнеше жыл бұрын жол көлік оқиғалары тіпті көп еді. Сол кездері құқықтық тұрғыдан олардың жауапкершілігін жоғарылату арқылы біршама жақсы нәтижеге қол жеткізген едік.
Сондықтан еліміздің көбейіп бара жатқан қылмыстардың алдын алуға тырысып, елдегі құқық бұзушылық деңгейін саралап отыруы қуантады. Атап өтер болсақ, қылмыстық кодекстің 346-бабына сәйкес, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға алып келеді. Бұл мас күйде көлік жүргізетіндерге қатысты күшейтілген жаза. Нәтижесінде бүгінгі күні мас күйде көлікке отыратындардың үлесі азайған. Бұл елімізде қатаңдатылған өзгеріс.
Сондай ақ өзге адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген мас жүргізуші алты жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Ал апат соңы адам өліміне алып келсе мас жүргізуші жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, мұндай теріс қылық жасағандар өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Бір айта кетерлігі, мұндай қылмыстар бойынша татуласуға жол берілмеуі де соңғы өзгерістердің бірі. Сондықтан, кез келген қылмыстың өтеуі – жаза болмақ. Қорыта айтқанда, жазаны күшейту қылмыстың азаюына ықпал етеді. Себебі ауыр қылмысқа барғандарды ауыздықтау үшін жазаны күшейтудің маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанжа уақыт сұранысына сай кейбір қылмыстарға қатысты жазаның күшейтілуі сол қылмыстың алдын алуға ықпал етеді деп айта аламыз.

Еркенұр Қонысбай

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика