• Чт. Июн 19th, 2025
Популярные метки

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді

Автор:admin

Июн 19, 2025
Spread the love
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2025 жылдың 19 маусымында Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының қызметкері тарапынан аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бақылау барысында кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі қызметінің қалыпты жағдайда жүріп жатқандығына және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай (мүгедек жандарға автотұрақ белгілері,кіріп шығу пандусы, шақырту батырмасы) жасалғанына және «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қажетті техникамен толық жабдықталғанына көз жеткіздік.
Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнай стенділерге ілінген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен қағида талаптарын жаңарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Алдағы уақытта халыққа кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі тарапынан мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақтылы көрсетілуі аудан әкімі аппараты тарапынан үнемі бақылауда болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика