Шымкент қаласының Қаратау аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Алиев Батырхан, аудан әкімінің орынбасары Парманов Азамат, аудан прокуратурасы және ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудан аумағында орналасқан барлық білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен арнайы кездесу өтті.
Жиында аудан аумағында кәмелет жасына толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шаралар талқыланды.
Атап айтсақ, оқу орындарында қорқытып алу жолымен ақшалай қаражат жинаумен айналысатын бейресми жастар топтарын анықтау және жеке профилактикалық жұмыстар жүргізу; тұрмысы қолайсыз отбасылардың тұрмыстық жай-күйіне байланысты сұрақтарды жіті зерделеу және бұл тұрғыдағы проблемалық сұрақтарды шешу үшін тұрақты түрде отбасылардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша шығуды және туындаған мәселелерді шешу мақсатында заңмен көзделген барлық шараларды қабылдау.
Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болатын және қадағалаусыз жүретін балаларды анықтау мақсатында, түнгі іс-шаралар тұрақты түрде жүргізу қажеттігі де айтылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы хабар ошарсыз кету жайтын алдын алу бағытында күнделікті зерделеу жұмыстары жүргізіп ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Кездесу қорытындысымен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселесі қатаң бақылауға алынып, аталған барлық бағыттағы жұмыстар атқарылу қажеттігі туралы шешілді.
БҰҰ-ға мүше әр мемлекет бала құқығының маңыздылығына өзіндік көзқарас ұстанғанымен, бәрі бір байламға келген: балалар ерекше негізгі құқықтарға ие болуы керек. Біріккен Ұлттар Ұйымында он жыл бойы балалар құқығы туралы келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 1989 жылы ғана шарт дайын болды. Бала құқықтары туралы конвенция бір мемлекетте нақты күшіне енуі үшін оны алдымен сол мемлекеттегі жауапты адамдар бекітуі керек. Бүгінгі күні 193 мемлекет Бала құқықтары туралы конвенцияны мақұлдаған. Балалардың жақсы өмір сүруіне, дамуына, қорғалуына, кемсітушілікке ұшырамауына, бостандыққа құқы болуы – конвенцияның негізгі қағидасы болып бекітілді. 1994 жылы 16 ақпанда, яғни 30 жыл бұрын Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан әр баланың құқын қорғау үшін міндеттемелерді мойнына алды.