• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Май 23, 2024
Spread the love

Бүгін қалалық Мәдениет үйінде кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың, қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу және жазғы демалыс уақытында кәмелетке толмағандарға оқыс оқиғадан қорғану және алдын алу бағытында атқарылатын пәрменді іс-шараларды талқылау бойынша жиын өтті.
Жиынға аудандық прокуратура өкілдері, қала әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөлімі мен қалалық Білім бөлімі және білім беру ұйымдарының директорлары, олардың тәрбие және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік мамандары қатысты.
Күн тәртібінде «Соңғы қоңырау» және жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігінің алдын алу мен шектеу шаралары, осы мақсатта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шомылу маусымында су айдындарындағы балалар қауіпсіздігінің алдын алу бойынша тиісті сала басшылары баяндама жасады.
Жиында ұсыныс-пікірлер айтылып, оқу жылын аяқтау кезінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша рейдтік шараларды күшейту, және шомылу маусымы қарсаңында патруль нарядтары қалалық жағажайлар, су айдындары және азаматтардың басқа да көпшілік демалатын орындары жанында кезекшілікті күшейту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика