Бүгін Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың азаматтық істер бойынша отбасылық дауларға байланысты соттылығын кеңейту» туралы тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дөңгелек үстелге Түркістан облысының прокуратура және қаласы.ның прокурорлары, Түркістан қаласының Ювеналды полиция қызметкерлері, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту бөлім қызметкерлері, медиатор мен адвокаттар және сот қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Сауранның баяндамасы тындалды.
Іс-шара барысында отбасылық сот болып өзгеріп, азаматтық істерге неке бұзу мен мүліктік дауларды қарайтынын айтып өтті.
Жиын соңында қатысушылар өзара пікір алмасып іс-шараның өзектілігін, Отбасылық сот бойынша танымдығын арттырып,өзге де
мәселелері талқыланып, мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.