• Ср. Мар 19th, 2025
Популярные метки

«КҮМІС КӨМЕЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛІ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Мар 19, 2025
Spread the love

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін шаһарда тұңғыш рет «Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде өткізілген байқау Қазақстанның халық әртістері Үрия Тұрдықұлова мен Жамал Омарованы еске алуға арналды.

Өнер сайысында еліміздің әр өңірінен 16 дәстүрлі әнші бақ сынады. Үш кезеңнен тұратын ән байқауының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының күміс көмей әншісі Оразалы Жаңабай бас жүлдеге ие болды. Оған 1 миллион теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген әнші Дияс Мұратхан, екінші орынды Қарағанды облысынан келген Қуандық Төкенов пен Жамбыл облысының өкілі Айсұлтан Көпбосын жеңіп алды.

Қалған жүлдегерлер мен қатысушылар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика