• Ср. Май 7th, 2025
Популярные метки

Кітап – алтын қазына

Автор:admin

Апр 23, 2025
Spread the love
Қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда Ұлттық кітап күні бекітілді. Биыл 23 сәуірде бұл мереке алғаш рет атап өтіледі.
Дана халқымыз «Кітап – алтын қазына», «Кітап – білім бұлағы» деген. Бұл ұлттың салт-дәстүрі мен бай мәдени мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші асыл құрал. Кітап арқылы қоғамның өркендеуі мен ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 12 мың кітапхана жұмыс істейді, олардың қорында 300 миллионға жуық дана кітап бар. Қазақстанның қоғамдық кітапханаларында 100 мыңнан астам қолжазба мен сирек басылымдар сақтаулы.
2025-2027 жылдары Жетісу, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында төрт жаңа кітапхана салу жоспарланған.
Ал еліміздегі ең ірі кітапхана – Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы.
Қағаз, электронды немесе аудио кітап болсын, ең бастысы – оқу. Себебі, кітап жай қолға ұстаған зат емес, бұл санамызда мәңгіге қалатын рухани азық. Әр кітап – жаңа бір әлемнің есігін ашып, ой көкжиегімізді кеңейтетін баға жетпес қазына.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика