• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Кім медиатор бола алады?

Автор:admin

Авг 5, 2023
Spread the love

Қазақ қашанда кез келген дауды қызыл тілмен қара тасты қақ жарғандай әділ төрелігін айтып, ақ киізге көтеріп хан сайлаған патшаларға тұжырымды ойлар ұсынып, ердің емес, елдің қамын ойлап, елдің түтіні түзу шығу жолында төреліктерін көрсетіп, елге ұйытқы болғаны тарихтан белгілі. Сонау заманнан бабаларымыздан қалған ақылды өсиеттер мен аңыз әңгімелерді тілге тиек етіп, бүгінгі қоғамда ел арасындағы түсініспеушіліктерді заң тұрғысынанәділ төрелігін айтып жүрген «медиатор» деген ұғым пайда бола бастады.
2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ, медиаторлардың мәртебесін айқындайды. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы өзінің арыз-шағымын жергілікті жердің медиаторына ұсына алады.
«Медиация» сөзі латын тілінен аударғанда делдал, екі тарапты мәмілеге келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді. Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде жүргізілген келіссөз рәсімі.
Медиатор қызметі кәсіби және кәсіби емес негізде жүзеге асырылады. Жоғары білімі бар, 25 жасқа жеткен Қазақстан Республикасының Медиатор одағынан арнайы оқығандығын растайтын сертификаты бар заңды тұлғалар кәсіби медиатор бола алады. Ал, кәсіби емес негізінде медиаторболғысы келетін тұрғындар жиынның хаттамасының негізінде жергілікті атқару органдарына келуі тиіс. Әрине, мұндай адамдар 40 жасқа толған, халық алдында кіршіксіз беделге ие болуы қажет.
Мемлекеттік қызметкерлер, тергеуге алынған, жазасы өтелмеген, сотталғандығы кешірілмеген тұлғалар медиатор бола алмайды.
Медиатор – бұл бітімгер. Қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Яғни, халық әділ төрелігін айтады деп сайланған жергілікті жердегі медиаторел арасындағы түсініспеушілікті, дау-дамайларды парасатты ой, ақылды әділдігі мен шешендік қабілеті арқылышешуі тиіс. Қоғамдық тұрақтылықпен ел арасындағы тыныштықты сақтау медиатордың басты міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн.
Ибрагим Тәуекел

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика