• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КОНСТИТУЦИЯ ҚҰРДАСЫ ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТІП ЖҮР

Автор:admin

Авг 30, 2024
Spread the love

Конституцияның құрдасы Орынбек Тәшкенбай Жұмабекұлы – Түлкібас ауданында дүниеге келген. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Ақпарат және байланыс тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты, деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Алғаш еңбек жолын 2018 жылы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Ақпарат және байланыс тобының технигі қызметінен бастаған ол, құқық қорғау саласында абыройлы еңбек етіп келеді.
Конституцияның құрдасы – тәртіп сақшысы Орынбек Тәшкенбай бұл мамандықты таңдағанына өкінген емес.
«Мен мемлекетіміздің Ата заңы қабылданған жылы дүние есігін ашқанымды мақтаныш санаймын. Өсе келе ойға алған арманым орындалды, полиция қызметкері атандым, өз елімнің тыныштығын күзетіп жүрмін», — дейді полиция аға лейтенанты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика