• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУ: «ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Автор:admin

Июл 19, 2023
Spread the love

«AMANAT»-тың Кентау қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті. Кездесуге келген тұрғындар түрлі мәселе бойынша партиялықтардан көмек сұрады.
Олардың арасында тұрғын үйіні баласына заңдастыру, зейнетақысының аз алуы, несие төлейалмай, шотының бұғатталуы және жөндеуден өткен үйдің сапасыздығын көтерген азаматтар да болды. Өз кезегінде, заң сарапшылары, кәсіби заңгерлер мен жеке сот орындаушылары тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, заң тұрғысында кеңестер берді.
Мысалы, Д.Зайнашова есімді азаматша жолдасының қайтыс болуына байланысты, тұрғын үйін баласына аударып беруге көмек сұрай келсе, жүгінген тұрғынға заңгерлік көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, партия филиалының қабырғасында аптасына екі рет тұрғындарға «Құқықтық көмек» жобасы аясында тегін заңгерлік кеңестер беріледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика