Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Кентау қаласында спорттық гимнастикадан Кентау қаласының ашық біріншілігі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Қаламыздың жас спортшы қыздары қатысып шеберліктерін шыңдады. Жасөспірімдер арасында сымбаттылық пен табандылықты қажет ететін көркем гимнастика спорты бүгінде қаламызда да заман талабына сай дамытылуда. Мұнда қазір әлемдік деңгейде тәжірибелері бар спорт мамандары мен білікті бапкерлер жас гимнасшыларды тәрбиелеуде.
Әлемдік додаларда шәкірт дайындаған еліміздің білікті жаттықтырушысы Пак.Н.Ю ізбасарлары бұл додада ғаламат өнер көрсетті.
Қазіргі уақытта мемлекет үшін адам капиталына инвестициялардың объектісі адамның кез-келген қабілеті мен таланты бола алады. Оларға тек интеллект қана емес, сонымен бірге адамның спорттағы әлеуетті жетістіктері де кіреді. Сондықтан мемлекеттің назарын және күш-жігерін балаларды спорт секцияларымен және өнер үйірмелерімен қамтуға бағыттай отырып, кез-келген ел тәуелді болатын сапалы адами капиталды тәрбиелеу қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт жүйесінің жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құқықтық негіздер құрылғанын атап өткен жөн. Мемлекет бұқаралық және балалар спортын насихаттау және дамыту бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Сонымен қатар, бұқаралық және балалар спортын дамыту саласында заңға тәуелді актілерді жетілдіру жөніндегі процесс шеңберінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қабылдау деңгейінде шешілуі мүмкін мәселелер бар.
Балалар мен бұқаралық спортты дамыту проблемаларының арасында спорт объектілері мен инфрақұрылымын салу мәселелері бөлектенеді. Осыған байланысты, елді мекенді немесе оның бір бөлігін салуды жоспарлау кезеңінде, сондай-ақ көп қабатты тұрғын үйлерді жобалау кезінде оларды қала құрылысы жобаларында жобалауды қарастыруға болады деп санаймыз.
Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуды мемлекеттік қолдаудың үлкен саяси және әлеуметтік мәні бар. Салауатты өмір салтын насихаттауды дамыту, спорттың әлеуметтік-мәдени маңыздылығын, оның қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасаумен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында құрылып жатқан ұлттық спорттық контентті қолдау және қолда бар ұлттық спорттық контентті дамыту маңызды.