• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУ: РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Июл 30, 2023
Spread the love

Кентау қаласының Полиция бөлімі, Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастары мен жасөспірімдері арасында құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын — алу және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілдерде көшелер мен қоғамдық орындарда беймезгіл жүруін болдырмау мақсатында түнгі рейдтік жұмыстар жүргізілді.
Түнгі рейдтік жұмыстар барысында қандай да бір құқық бұзушылық, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің үй жәйларынан тыс жерлерде жүруі анықталмады.
Жастар ресурстық орталығы және жергілікті полиция қызметінің мамандарымен бірге рейдтік іс- шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Рейд барысында компьютерлік ойын — сауық орындары, парктер, спорт алаңдары қамтылды.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейдтік жұмыс кезінде компьютерлік ойын — сауық орындарында уақыт өткізетіндігі анықталды.
Сондай ақ, сағат 23:00 ден кейін туған күн кешінен қайтып бара жатқан жолдан жұмысшы топ балаларды білім ордасына жеткізді. Балалардың ата — аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түнгі рейд шарасына аудан әкімінің орынбасары, аудан прокурорының көмекшісі, аудандық білім бөлімі басшысылығынан, жергілікті полиция бөлімінің басшылығы, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры бастаған құқық қорғау және білім саласының қызметкерлері қатысты.
Рейд жұмыстары бүгін өз жалғасын табады.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика