Турция Мемлекеті, Мерсин қаласында Унифайттан Әлем Кубогы өтті. Әлем Кубогынде Кентау қаласының спортшылары да қатысып үздік ойын көрсетті.
Қарсыластарынан басып озып жеңіске жетті.
Нәтижесінде Нұрбек Нурбаев 70 келі салмақта 1 орынды, Мұхтар Алипов 80 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды иеленді. Жалпы есеппен командалар арасында Қазақстан Құрамасы 3-ші орын еншіледі. Жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушысы Иса Бағдат.
Нұрбек Нұрбаев Кентау қаласы Байылдыр ауылында дүниеге келген. Ол 8 жасынан спорпен шұғылдана бастаған. Бес жылдан бері осы спорт түрімен жаттыған Нұрбек бүгінде әмбебап жекпе-жек түрімен шұғылданады. Осы уақытқа дейін, Ақтауда өткен ҚР Чемпионатында 1 орын, Қырғыстанда өткен Азия Чемпионатында 1 орын, 2022 жылы анталияда өткен Әлем Кубогында 1 орын, 2023 жылы Грузиядағы Әлем Чемпионатында 1 орын жеңіп алған.
Мұхтар Алипов 1994 жылы Кентау қаласында туылған. Спортқа алғаш 2005 жылы дзюдо бөліміне келген. Қазіргі таңда Унифайт спортымен айналысады. Бұл спортқа келгеніне 5 жыл уақыт болған. ҚР чемпионаты кубогының жеңімпаз және жүлдегері. 2023 жылы Тамыз айында Қырғызстан мемлекетінде өткен Унифайттан Азия чемпионатының Алтын жүлдегерін жеңіп алған спортшы, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.