• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Июн 22, 2024
Spread the love

ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде 10 күндік «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының үшінші кезеңі өтуде. Осыған сәйкес Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында профилактикалық іс-шараны жалғастыруда.
Құқық тәртібі — құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық саласында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейтуге, вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.
Қазіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында аға полиция инспекторы сөз қозғап, өзекті ақпараттармен бөлісті.
Сонымен қатар, Полицейлер қызметтік іздестіру иттерінің бір сәттік жұмысын көрсетіп, есірткілерді иіс сезу арқылы тез табу қабілеттерінің ерекшеліктерін түсіндірді.
Негізгі бағыттары ретінде мыналар белгіленген:
-көшелер мен басқа қоғамдық орындарда, оның ішінде жастар шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті және профилактиканы күшейту;
-вандализм, мүлікті бүлдіру, ұсақ бұзақылық фактілерді, сондай-ақ жол қауіпсіздігі желісінде бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу;
-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарды профилактикалау. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу үшін тиісті заң аясында бақылауды күшейтуде. Құқық бұзушылық немесе қылмыс жасаған азаматтар тиісті жауапкершілікке тартылады.
Егер Сіз қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілері бойынша куәгер болсаңыз немесе олар бойынша қандай да бір ақпаратты немесе маңызды мәліметтерді білсеңіз 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика