• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТ ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Автор:admin

Сен 10, 2024
Spread the love
Елімізде жыл өткен сайын инклюзивті білім алатын балалар саны өсіп келе жатыр. Білім ұялары мен балабақшаларда арнайы топтар ашылған. Кентаулық Марал Нүрпейісова тілінде ақауы бар бүлдіршіндерді оқытып, түзету және дамыту орталығын ашқан. Мемлекет қолдауының арқасында қажетті білім құралдарын сатып алған.
«Қазіргі таңда балалардың мұндай күйге түсуі жарамсыз тамақтарды көп жеуі мен телефонда көп отыруынан және спорттың, дене қимылының аз болуына байланысты сол тілдің кешеулідеп шығу сияқты көп болып жатыр. Логопедиялық көмек керек балалар өте көп. Сондықтан сол балалар мына қоғамнан алшақтап кетпесін деп біз сол балаларға арнайы осы орталықты аштық. Біздің мақсатымыз сол балаларды түзету дамыту жұмыстарын жүргізе отырып сау балалардың қатарына қосып жіберу»дейді логопед-дефектолог.
Бұл жердің ерекшелігі тек қана жазып қана қоймай оқытып, тілінің кемістігіне қарап, барлық жағынан қамтамасыз етіледі. Балаға қажетті дәрумендер мен қай жерінде кемістігі бар барлығын жан-жақты анықтап, соған қарай баланы мектепке дайындайды.
Білікті маман мемлекеттен алған гарнт қаржысына балаларға қажетті түрлі оқу құралдарын сатып алған. Орталықта қосымша математика мен ағылшын пәні, көркем жазу, жылдам оқуға үйретеді. Әріптерді аң-құстардың аттарымен қосып үйрету арқылы бала әрі алфавитті таниды, әрі қоршаған ортаға бейімдейді.
Кәсіпкер басында кішігірім ретінде ашып көрген. Кейін халыққа шын мәнінде керек сала екенін түсінгендіктен кеңейтуді жоспарлаған. ОРталыққа баласын алып келетін ата-аналар қызмет түріне көңілдері толады. Бүлдіршіндер қоғамдық өмірге белсенді араласып, өздігінен оқып-жазуды үйренеді. Сол себепті ата-ана балаларын дамыту үшін мамандарға толығымен сеніп тапсырған.Болашақта 18 жасқа дейінгі балаларды да бейімдеуді мақсат етіп отыр.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика