• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ШАРАСЫ АЯСЫНДА БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Сен 5, 2024
Spread the love

ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың 2-ші қыркүйектегі Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында — «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды.
Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады. Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс.
Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр. Осындай адамдардың әрекетіне заң бойынша тосқауыл қою керек. Бір сөзбен, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет» деген болатын.
Осыған сәйкес, қала әкімінің тапсырмасына орай арнайы топ қалада бей-берекет күл-қоқыстарды тастаған, айналасына немқұрайлы қараған азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бақылау жұмыстары адам көп шоғырланатын базар алаңы тексерілді. Онда көптеген кәсіп иелеріне ретсіз қоқыстар тастаған үшін заң аясында айыппұл салынды.
Қала – баршаға ортақ. Оның тазалығына барлық қала тұрғыны бейжай қарамай, айналасын таза ұстауға бейімделу қажет. Мұндай бақылау жұмыстары күнделікті жалғастырылады. Мұндағы мақсат- қаланы ең таза өңірге айналдыру, тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика