• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ПОЛИЦИЯ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАНЫ КҮШЕЙТТІ

Автор:admin

Сен 7, 2024
Spread the love

Кентау қаласының полицейлері өңір тұрғындарына интернет алаяқтардан абай болу керектігін ескертіп, профилактиканы күшейтуде. Жасөспірімдерден бастап, егде жастағы тұрғындармен тілдесіп, алаяқтардың айласымен таныстырып, одан сақтану әдістерін үйретті.
Қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданып, дербес деректерді, карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге кеңес берді.
Оған қоса күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға және спам хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберіс есіктеріне, сауда орталықтарына, жалпы адамдар көп шоғырланатын аумақтарға ескерту қағаздарын іліп, жаднамалар таратты.
Басты міндет-қылмысты ашумен күрескенше, оның алдын алып, тосқауыл қою.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика