Кентау қаласында балалар ойын алаңшасының құрылыс жүруде, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Аталған құрылыстар Шүлембаев №8, 10 және Т.Рысқұлов №5,7,9, Шахтерская көшелерінің аумағына салынуда. Құрылыс жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.
Сондай-ақ, «Халық қатысатын бюджет» жобасына 120,7 млн.теңгеге көп қабатты тұрғын үйлердің 2 ауласына балалар спорттық ойын алаңшалары орнатылады.
Биыл Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында демеушілер есебінен 2 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Жалпы. Кентау қаласында 56 көп қабатты тұрғын үй аулалары бар.33 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт төсеу, балалар ойын алаңшасын орнату және абаттантыру мақсатында, жобалау сметалық құжаттамалар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.
Аталған жұмыстардың сметалық құны –2,8 млрд. тенге. Республикалық бюджеттен қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған.
Сонымен қатар, қала аумағында 9 көпқабатты тұрғын үй аулаларына асфальт жабындысын төсеу және автотұрақтар салу жұмыстары жүргізілуде.
Қоса кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Еңбекші ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды.
Жобаның мақсаты Еңбекші ауданының аумағында:
— Аумақты көгалдандыру;
— Тротуарларды жайластыру;
— Тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
— Ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
— Бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
— Қоқыс тастайтын жерлерді жою;
— Ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
— Аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.