• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Сен 10, 2024
Spread the love
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары басталып жүргізілуде.
Қала әкімі Жандос Тасов ауылда атқарылып жатқан құрылыстардың жұмыс барысын бақылады.
Алдымен ауылдағы осы сәтке дейін өзекті мәселеге айналған 300 орынды мәдениет үйінің құрылысына барды.
Жалпы, 2016 жылы жобалау-сметалық құжаттамаға қайта түзету енгізіліп, 2023 жылы сараптама қорытындысы алынған. 2024 жылға «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жеңімпаз мердігер – «РСУ-1» ЖШС-гі құрылысты бастап кетті. 2 қабаттан тұратын ғимарат 300 адам сыймдылығына арналған. Соңғы заманауи жабдықтармен қамтылу жоспарланған. Бүгінгі таңда, іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл –ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарнақ ауылында жол негізін әзірлеу жұмыстар басталды. Орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған нысандар биылғы жылдың қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, бұл нысандар келесі жылға өтпелі болып табылады.
Құрылыс жұмыстарын қараған қала басшысы, әрбір құрылыс бақылауда болатынын атап, әрі сапалы, әрі уақытылы атқаруды тапсырды.
Айта кетейік, Байылдыр, Қарнақ ауылындағы 14,5 шақырымды құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика