Кентау қаласында “Жазғы демалысқа арналған” бокстан жарыс өтті, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Кентау спорт клубының ұйымдастыруымен өткен ашық біріншілік 2009-2010, 2011-2012, 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткізілді.
Жарысқа қала әкімінің орынбасары Н.Көкенов пен қалалық маслихат төрағасы Қ.Елеусізов қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа 60-тан аса боксшылар бақ сынасып, қызық өтті. Жарыс нәтижесі бойыеша |-орын 12 спортшы, ||-орын 12 спортшы |||-орынға 24 спортшы ие болды.
Айта кетейік, қала әкімі Жандос Тасовтың қолдауымен спорт клубынан бокс үйірмесі іске қосылып, арнайы орын берілген. Бүгінгі таңда бұл спорт түріне қызығушылығы артқан жасөспірімдердің саны артуда.
Қоса кететін, Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!