Форум барысында ата-аналар тарапынан мамандарға сауалдар ұсыныс-пікірлер жолданып, қажетті жауаптары берілді. Сондай-ақ жыл бойы білім ордасымен тығыз байланыста болып, ұстаздармен бірлесіп бала тәрбиесінде белсенділік танытқан ата-аналар марапатталып, барша ата-аналарға бала тәрбиесінде белсенді болу ұсынылды.
Жиын соңында форумға қатысушылар пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ тиісті сала мамандары өзара бірлесіп, ата-аналармен тығыз іс-қимыл жасағанда ғана кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған тиімді шаралардың берер мүмкіндік көп екендігі аталып өтті.
КЕНТАУДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ (-3-)
