• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА «БІЗ-СПОРТТЫҚ ОТБАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАС ОТБАСЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 31, 2024
Spread the love

Кентау қаласы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Біз-спорттық отбасы» атты спорттық жас отбасылар сайысы өтті.
Шараның мақсаты — жас отбасылардың бір-біріне деген махаббатын арттыру, кішкентай отанның қадіріне жету және әрі мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Сонымен қатар адам денсаулығының, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Тартысты сайыста отбасылар «Кім көп секіреді?», «Кім жүйрік?», «Эстафета», «Шеңбермен жүгіру» деп аталатын төрт кезеңнен тұратын бәсекеде бақ сынады.
Игі шараға Өзбекстан республикасынан келген қонақтар, Жастар және отбасы істер комитет төрағасының орынбасары Әлімжанов Біржан Нұржанұлы, Өзбекстан Республикасының жастар басқармасының басшысы Мирзаев Бобуржан,«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі Искандерова Ақерке, Кентау қаласының әкімі Тасов Жандос, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Бақытжанұлы қатысып, байқаудың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда, Түркістан облысы үшін отбасы құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Өйткені, алтын құрсақты, көпбалалы аналардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Өңіріміз жастар саны бойынша да алдыңғы қатарда. Қазіргі таңда облыста 4000-нан астам отбасы бар және жыл сайын мыңдаған жас шаңырақ көтереді. Бүгін, сайыста, отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған отбасылар сынға түсіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп жатыр.
Сайыс нәтижесінде жанұядағы жарасымдылығымен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен үздік отбасылар жүлделі орындармен марапатталды.
Бұл орайда, I орынға “Алғырлар” командасының отбасы (Сауран ауданы) лайық деп танылды. Ал, II орынға Айтметовтар отбасы (Түркістан қаласы) командасының отбасы ие болды. Сондай-ақ, III орынды “Шаңырақ” командасының отбасы иеленді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика