Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі, Кентау қаласы әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала аумағында орналасақан бассейндер мен су айдындарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Кентау қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің АҚ тобының офицер лейтенанты А.Сүйінбай шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылмауды, тереңдігі белгісіз суға сүңгімеуді, мас күйінде суға түспеуді және балаларды ересектердің қарауынсыз судың жанында қалдырмау керектігін түсіндірді.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі