Ел ішіндегі татулық пен этностар арасындағы достықты насихаттау, оны халыққа түсіндіру, соның негізінде қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 3 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен Оқушылар сарайында «Келісім мен татулық – тұрақтылық кепілі!» тақырыбында этнос өкілдері мен оқушылардың кездесуі өтті.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеліп, Еліміздің барлық өңірлерінде тойланады. Мақсаты — ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан этникааралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту стратегиясы демократияны дамытудың әлеуметтік базасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Этносаралық келісімнің қазақстандық моделі өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдеді. Мемлекет бастапқыдан барлық этностар үшін мемлекетті қалыптастыру мүмкіндігін беретін Қазақстанда тұратын халықтардың мүдделерін біріктіру, этностық емес, азаматтық қоғамды қалыптастыру пайдасына таңдау жасады.
Бүгінде қазақстан халқы – бұл біртұтас идея мен бауырластық рухымен біріктірілген КСРО-ның әр түкпірінен құрылған халықтар. Қазақстандықтар шын мәнінде бауырлас халық, дегенмен де бейбітшілік, келісімге келіп, жаңа Отанды табу үшін көптеген ұлттармен бірге қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
«Ұлттық қатынастар» термині ұзақ уақыт әдебиеттерде пайдаланылып келді, өйткені талдаудың негізгі нысаны елдің бұрынғы одақтас республикаларының титулдық этностарын құрады, оларға қатысты «ұлт» термині белгіленген параметрлер бойынша заңды да болды.
Жоғарыда айтып өткендей, этникааралық қатынастар кең және тар мағынада қарастырылады. Кең мағынада – бұл халықтардың түрлі салалардағы қарым-қастынастары: экономика, саясат, мәдениет, әлеуметтік сала және т. б. Тар мағынада – әртүрлі ұлт өкілдерінің тұлғааралық қарым-қатынасы ретінде, қарым-қатынастың әртүрлі салаларында – отбасылық-тұрмыстық, еңбек, бос уақыт, көрші, бейресми қарым-қатынастың басқа да түрлерінде орын алады.
Кездесу барысында тақырыптық бейнебаяндар көрсетіліп, қызықты әңгімелер жүргізілді.