Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінде құқық бұзушылық профилактикасы талаптарын іске асыру барысы талқыланды. Онда аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторларының ағымдағы жылдың бірніші жарты жылдығында атқарған жұмыстары сараланып, қылмыс және құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.
– Қылмыс және құқықбұзушылықты болдырмау, алдын алу бойынша Ақтөбе ауылдық округінің Жуантөбе, Кеңдала, Жаңадәуір, Ынтымақ, Көгерту, Лесбек батыр, Ақжар, Қаратөбе елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу өткіздік. Жиын барысында түнгі рейдтік шараларды жаңдандыруды, зорлық-зомбылық, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығының алдын-алу үшін ветеринарлық қызметкерлерімен біргелікте профилактикалық іс-шараларды жүргізу, жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз әрекеттерді болдырмауды, ретсіз күл-қоқыстар тастаған азаматтарды және коммерциялық мақсаттағы ғимарат иелерін анықтап айыппұл салу бойынша мәселелер көтерілді, — деді Ақтөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Байдуалов.
Жиынға Ақтөбе ауылдық округ әкімінің орынбасарлары А.Байдуалов, Т.Искендеров Келес АПБ ЖПҚ аға УПИ полиция майоры Е.Пернешов, полиция аға лейтенанты М.Қожамберді, полиция аға лейтенанты Б.Мошқал, полиция аға лейтенанты И.Жәнібек, полиция аға лейтенанты М.Құрбан елді мекенінің тұрғындары, ауыл билері, белсенді азаматтар, мекеме басшылары қатысты, деп хабарлайды Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.