• Вс. Июн 1st, 2025
Популярные метки

КЕЛЕС: «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2025
Spread the love

Бүгін, 30 мамыр күні ауданда «Халық заңгері» атты жалпыреспубликалық акция өтті. Іс-шара Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №82А, Келес ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында өткізілді.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізілді, ұйымдастырушылар — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясында Келес ауданының барлық дербес бөлімдерінің мамандары, аудандық мекемелерден тиісті мамандар және Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Абдрахманов Бахтияр Уралбаевич қатысып, жүгінген жеке және заңды тұлғаларға қажетті заң көмегі, құқықтары, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, белгілі-бір өмірлік жағдайларында әрекет тәртібі, кәсіп ашу мен жүргізу тәртібі түсінікті және қарайым тілде түсіндірілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика