• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕСТЕ АУЫР ХАЛДЕ ТҮСКЕН НАУҚАСҚА ӨТЕ КҮРДЕЛІ ОТА ІСТЕЛІП, СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2023
Spread the love
Келес аудандық ауруханасына өте ауыр жағдайда түскен науқасқа күрделі ота жасалды. Күрделі отаға медицина ғылымдарының кандидаты, хирургия мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігер, облыстық Клиникалық аурахананың бас дәрігері Жанболат Дильдабеков жетекшілік етіп, аурухана басшысы Бекзат Слановтың қатысуымен өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі. Нәтижесінде аса күрделі ота сәтті аяқталды. Отадан кейін қызу пікірталас ұйымдастырылып, облыстық хирургтармен бірге ота жасау бағдарламасы қабылданды.
Түркістан облысы тұрғындарына хирургиялық көмек көрсету сапасын бақылау және одан әрі жетілдіру мақсатында арнайы Келес ауданына ат басын бұрған Клиникалық аурахананың бас дәрігері Жанболат Дильдабеков «Абай» Келес Аураханысының тыныс- тіршілігімен танысты.
Келес аудандық аурухананың бас дәрігері хирург Бекзат Сланов және аудан хирургтары қатысуымен ургентті және жоспарлы хирургиялық көмек, эндоскопиялық заманауи оталар, ауруханаға қажетті медициналық құрал-жабдықтар, жаңа лапароскопиялық қондырғы мәселесі талқыланды. Қабылдау, хирургия бөлімі, ота бөлімімен танысты. Алдағы уақытта күрделі оталарды аудан халқына қол жетімді етудің жолдарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар атқарылатынын болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика