Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келген тұрғындарды мәслихат депутаты Айжан Наимбеков қабылдады.
Келушілердің басым бөлігі әлеуметтік көмек сұрағандар болды. Қабылдауда болған мүмкіндігі шектеулі бала асыраушы, көпбалалы, жалғызбасты аналарға депутат тарапынан тиісті көмек көрсетіліп, заңгерлік көмек берілді. Сонымен қатар, Турция еліне қызы жарысқа кетуіне байланысты қызының жаттықтырушысына шет елге баруға жол ақысына демеушілік қолдау көрсетуді сұрады. Халық қалаулысы аталған мәселе бойынша тиісті мекемеге депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.
Еске салайық, партияның қоғамдық қабылдауы тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Бастысы, мұнда түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмайды. Көтерілген өзекті мәселелер, олардың шешілу нәтижесіне тұрақты талдау мен мониторинг жүргізіледі.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінің мөлшері арасындағы айырма түрінде есептеледі. Жан басына шаққандағы орташа табыс – бұл отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі. Кедейлік шегі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде белгіленген.
Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың барлық түрлері ескеріледі, оның ішінде:
— еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыстар;
— «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Кодексінде көрсетілген балаларға және тұлғаларға алимент түріндегі табыс;
— жеке қосалқы шаруашылықтан (мал мен құсты ұстауды, бағбандықты, бағбандықты қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан) түсетін кірістер;
— кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден және сатудан түскен кірістер;
— бағалы қағаздардан түсетін кірістер;
— жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұраға қалдыру түрінде алынған табыс;
— кредитті (микрокредитті) пайдаланудан түскен кірістер);
— өтеусіз алынған ақша түріндегі кірістер;
— ақшалай салымдар мен депозиттер бойынша сыйақылар түріндегі кірістер;
— ақша аударымдары түріндегі кірістер;
— конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша қоса алғанда ұтыс ойындары бойынша алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар түріндегі кірістер;
-құрамында 4 және одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
— бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне) біржолғы төлемді қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан алынған кірістер;
— тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
— қаржыландыру көзіне қарамастан интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін стипендиялар және басқалар.