• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТІ ЗЕРДЕЛЕУ

Автор:admin

Июн 1, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалы жанынан құрылған арнайы комиссия мүшелері «Gramad» сауда орталығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізді. Комиссия төрағасы Е.Бертаев азық-түлік бағаларына талдау жасады.
Аталған сауда орталығындағы әлеуметтік тауарлардың бағасы тұрақты, жетіспеушіліктер жоқ. Алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындары мен базарларда тауарлардың бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұратын болады.
Сонымен қатар, қаланың аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру, сондай-ақ кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Осыған байланысты Абай ауданы А-2 тас жолының бойындағы заңсыз сауда нысандарына кезекті мониторинг жұмысы ұйымдастырылды.
Зерделеу жұмыстары барысында Абай ауданына қарасты аталған көше бойында нысаналы мақсатын дұрыс пайдаланбай, ретсіздікке жол берген 67 кәсіпкерлік орны анықталды.
Бұл көше стратегиялық маңызы бар аумақ. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — қаланың көркін бұзған заңсыз сауда нысандарының иелеріне ақпараттық, түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Мониторинг топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығы да ескерілетін болады.
Орналасқан кәсіпкерлік нысандарға жүргізілген мониторинг барысында ірі және шағын мейрамханалар, дәріханалар мен азық-түлік маркеттері, сауда үйлері аумақтарының басым бөлігінде толығымен келушілерге қолайлы жағдай жасалып, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жүргізілгендігі анықталды.
Сондай-ақ, кемшіліктер орын алған кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту беріліп, алдағы уақытта нысан ауласын қала аумағын абаттандыру қағидаларының негізгі талаптарына сай жүйелеп, абаттандыру жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика