• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Автор:admin

Авг 2, 2023
Spread the love

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында кезекті қоғамдық қабылдауды Елшиева Альбина Балғабайқызы өткізді.
Халық қалаулысының жеке қабылдауына азаматтар әлеуметтік, баспана мәселесі және балаларды мектепке даярлауға көмек сұрап келді.
Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-тілектер заң аясында қаралып, қабылдау нәтижесі бойынша оң шешімін тапты.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасында 450 аялдамалардың және 800 әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың талаптарына сай жасақталуы сөз болды.
Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айынан бастап «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» мен партия арасында тығыз қарым-қатынас орнап, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында ерекше қажеттілігі бар адамдарды қамқорлыққа алуға, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақытта аймақта мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға көп күш салынып, тың бастамалар қолға алынады.
«Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Нұртас шағын ауданының тұрғындары атауы жоқ көшеге шағал тас төсеуді сұраған. Аталған мәселені қалалық мәслихат депутаты Қайрат Имашев өз бақылауына алып, көшеге депутат демеушілігімен 2,2 шақырым жолға шағал тас төселген. Ал Базарқақпа тұрғын алабындағы Алай және Балқан көшелерінің тұрғындары мәслихат депутаты Байкен Аширбаевтан көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеуді сұраса, депутаттық сауалдың нәтижесінде мердігер мекеме «Қазығұрт-Проект» ЖШС орташа жөндеу жүргізіп, асфальт төселген. Сондай-ақ, өзге де беріліп жатқан әлеуметтік көмек, партиялық жобалар аясындағы жұмыстар туралы да сөз болды.
Халықтың өмір сапасын көтеруге, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қолжетімділігін арттыру, экологиялық ахуалды жақсартуды көздеген бағдарламаны орындауға жетелейтін Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ, 452 индикаторлық бағыт пен 43 245 нақты іс-шараларды қамтиды. Қалалық сайлауалды бағдарламамыз тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерідің негізінде жасақталып, тұрғындардың 10 мыңға жуық талап-өтініштерін зерделей келе дайындалды. Жол картасының жоспарына сәйкес бүгінде нақты қадамдар жасалуда.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика