• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕЗЕКТЕН ТЫС V СЕССИЯ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 4, 2023
Spread the love

Кезектен тыс бесінші сессия мәслихат төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетовтің төрағалығымен қала әкімінің міндетін атқарушы Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысумен өтті. Сессияға әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, құқық қорғау өкілдері, тиісті басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия тікелей онлайн трансляцияда көрсетіліп, регламентке сәйкес күн тәртібіне енгізілген 3 мәселе талқыланды.
Аталған мәселелер сессия алдында бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында зерделенген, сессия барысында депутаттар бірқатар сауалдар жолдады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласын дамытудың бас жоспары туралы баяндамасы тыңдалды. Өз кезегінде депутаттар қаланың айналма жолдары, қызыл сызыққа кіретін аймақтар, кәріз жүйесінің қамтылуы және әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша сауалдар айтып, бас жоспарға қатысты мәселе жан-жақты зерделеніп, талқыға түсті.
Осы тұрғыда қолданыстағы заңнама «Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихат не мәслихаттың төрағасы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі мәслихаттың уақытша комиссиясын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының жұмыскерлері, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының өкілдері қосылуы мүмкін. Мәслихат төрағасы бюджет жобасы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті комиссиялардың атына бюджет жобасы бойынша қорытынды дайындауға қажетті мерзімдерді көрсетіп, тапсырма жібереді. Тұрақты комиссиялар мәслихаттың уақытша комиссиясының пікірін ескере отырып, тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша тиісті негіздемелері, есеп-қисаптары бар ұсыныстарды тұжырымдайды және оларды тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстарды жинақтау мен қорытынды дайындауды жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталғанға дейін кемінде екі апта бұрын бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын барлық қажетті материалдармен қоса мәслихат төрағасына ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, тиісті мәслихаттың сессиясында облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бекітіледі. Облыстық мәслихаттың облыстық бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей, тиісті мәслихат аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекітеді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының жеке шешімдерімен бекітуге жол беріледі», деп көрсетілген.
Сондай-ақ мәслихаттың қолданыстағы қабылданған шешімдеріне бірқатар өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды.
Жиында cөз алған қала әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Жұмабекұлы күн тәртібіндегі мәселелердің, оның ішінде қаланың бас жоспарының экономикалық және әлеуметтік маңыздылығын атап өтіп, мәслихат депутаттарына атқарған жұмыстарына алғысын білдірді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика