«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Еңбекші ауданында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Еңбекші аудандық филиалы жанындағы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, партия филиалы жанынан құрылған жұмыс тобының мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандардың ғимараттарға емін- еркін кіріп шығуы үшін мекемелердің пандус жолдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зерделеу барасында арнайы құралған жұмысшы топ өкілдері аталған нысандарды бейімдеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аудан бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мониторинг жүргізуді қоса алғанда, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту тиісті бойынша ұсыныстар берілді. Мониторинг барысында барлық нысандар бойынша анықталған кемшіліктерге сәйкес жауапты мамандарға ескертулер берілді. Аталған жұмыстар әрдайым партияның назарында болады. Мониторинг тобы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары мен қызмет көрсету орталықтарын бейімдеу және ерекше жандар үшін инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмысты жүргізді. – «Кедергісіз келешек» жобасы аясында біз үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қала нысандарының қаншалықты қолжетімді екеніне мониторинг жүргізді. Басты мақсаты – ерекше адамдарға қолайлы ортаның қалыптасу деңгейін анықтау. Мониторинг барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ, пандус, қызметкерлерді шақыру қоңырауы, бағыттаушы тактильді сары жолақтар, брайль әріптерімен жазылған тактильді ақпараттық тақташа, бағыттаушы белгілер, арнайы дәретхана болуы жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін касса, құжат тапсыру бұрышы секілді орындардың барлығы бекітілген талаптарға сәйкес болуы түсіндірілді. Жұмыстың нәтижесінде мекеме басшыларына ескертулер жасалды. Олардың олқылықтарды тез арада ретке келтіруін мониторинг топ қадағалайды.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламаcында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қамқорлыққа алу қамтылып, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінген.