Құрметті Шардара ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Шардара қалалық полиция бөлімі ескертеді!
Егерде сізге белгісіз абоненттік нөмерден бейтаныс тұлға қоңырау шалып өзін Банк немесе Құқық қорғау оргінінің қызметкерімін деп таныстырсып күмәнді банктік операцияларын картаңыздың екі жағындағы сандық нөмерлерін немесе ұялы телефоныңызға келген смс кодты айтыңыз десе ешқандай жағдайда айтпаңыздар!
Бұл интернет алаяқтар.
Жалпы, интернет — алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да кемшін тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасаудың ең танымал құралдардың біріне айналды. Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады.
Интернеттегі алаяқтардың мақсаты — заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі Интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы әрекетінен әлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кәсіби деңгейі мен тәжірибесіне байланысты.
Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек және жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн.
Құрметті Шардара қаласының тұрғындары интернет алаяқтармен бірге күресейік!