Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Созақ аудандық прокуратурасының бастамасымен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды.
Басқосуға Созақ ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ержан Қожабеков, салаға жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының өкілдері мен 2024-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асырушы 20-ға жуық кәсіпорын өкілдері және кәсіпкерлерлер қатысты.
Жиын барысында Созақ ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Талғатұлы күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша хабарлама жасады «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын таныстырып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
Созақ ауданының прокуроры Ержан Базарбекұлы өз сөзінде инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу тетігін жетілдіру қажеттігін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Шараға жиналған кәсіпорын өкілдері іске асып жатқан жобаларын жеке-жеке таныстырып өтті. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұған дейін көрсетілген қолдауларды тілге тиек етіп, алғыстарын жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Болатұлы алдағы уақытта да аудандағы инвестициялық жобаларды заң шеңберінде бірлесе атқаруға сенім білдірді.