Нәзік және сезімтал балалар денесін әртүрлі инфекциялардан қалай қорғауға болады?
Вакцинацияның балалар денсаулығы үшін маңызы зор, бұл көптеген емделмейтін, жұқпалы аурулардың алдын алудың ең қол жетімді әдісі. Иммундау әлем бойынша адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың ең тиімді шараларының бірі ретінде танылды.
Иммундау дегеніміз не және ол не үшін қажет?
Вакцина- химиялық процестер нәтижесінде алынған өлі микроорганизмдер немесе олардың антигендері негізінде жасалған медициналық құрал. Вакцина өндіру кезінде микроорганизмдер қажетсіз заттардан тазартылады. Жұқпалы ауруларда қорғаныс үшін қажет компоненттер ғана қалады.
Вакцинацияның негізгі міндеті- ағзаның қорғаныс қызметін нығайту, әртүрлі жұқпалы ауруларға төзімді иммунитетті қалыптастыру. Уақтылы вакцинациялау балалар мен ересектерді полиомиелит, қызамық, қызылша, туберкулез, көкжөтел, дифтерия, сіреспе сияқты көптеген қауіпті жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. Уақтылы вакцинация инфекциялық сипаттағы аурулар мен өлім-жітімнің жалпы санын азайтады.
Балалар үшін инфекциялар қаншалықты қауіпті?
Балабақшалар, мектептер және басқа да білім беру ұйымдары бір-бірімен тығыз байланыста болатын балалардың көп болуына байланысты жұқпалы аурулардың таралуына өте қолайлы орта болып табылады. Ең көп таралған қауіпі инфекциялардың бірі-қызылша, қызамық, паротит, тұмау және көкжөтел. Олар ауа тамшылары арқылы жұғады.
Қызылша-жоғары температура, ауыз қуысы мен тыныс алу жолдарының қабынуы, бөртпелермен, сондай-ақ жалпы интоксикациямен сипатталады.
Қызамық-бөртпемен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, интоксикациямен бірге жүреді.
Паротит -жүйке жүйесін, шықшыт бездерін зақымдайды. Көбінесе паротит ерлердің бедеулігіне алып келеді.
Тұмау-жоғары қызбамен және айқын интоксикациямен сипатталатын ЖРВИ-нің ең ауыр түрінің бірі, әртүрлі асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін, әсіресе жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелері зақымдайды, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.
Менингококк инфекциясы-өте қауіпті, өмірге қауіп төндіретін ауа тамшылары арқылы жұғатын бактериялық инфекция. Ұйымдасқан ұжымда болу-менингококк инфекциясын жұқтыру қаупін жоғарылатады (жақын байланыс, қоздырғышты тасымалдау жиілігі 20-40% жетуі мүмкін).
Көкжөтел- ауа-тамшылары арқылы жұғатын, ұзақ және ауыр жөтел ретінде сипатталатын жедел бактериялық инфекция. Вакцинацияланбаған 100 адамның 90-ы көкжөтелмен ауырады. Оның ішінде сәбилердің шамамен 80 %-ына қарым-қатынаста болған балалар, жасөспірімдер мен ересектер арқылы жұғады. Науқастардың 50% – дан астамы мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары. Жөтел 3 айдан астам уақытқа созылуы мүмкін.
Дифтерия-бактериялық инфекция. Бастапқы кезеңді тамақ ауруымен шатастыруға болады. Жүректің, бүйректің және жүйке жүйесінің зақымдануын, тұншығуды тудыруы мүмкін.
Сіреспе-бактериялық сипаттағы өте қауіпті жұқпалы ауру. Ол ағзаға ластанған жаралар арқылы енеді. Жүйке жүйесінің зақымдануымен, құрысулармен ауыр күрес ретінде сипатталады. Өлім-жітім 20% дейін.
Вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілі. Өзіңізді және жақындарыңызды негізсіз тәуекелге ұшыратпаңыз-қажетті вакцинацияларды уақтылы алыңыз.