• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУДІҢ САПАСЫ АРТАТЫН БОЛАДЫ (-1-)

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

ҚР Ішкі істер министрлгі Тергеу департаментінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының мамандары «Әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарының тергеу тактикасы» тақырыбында дәріс өткізді.
Шараға департамент бастығының бұйрығымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының әйел тергеушілері қатысты. Аталған топ құрамына әйел тергеушілер, сондай-ақ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жедел-криминалистикалық, криминалдық және ювеналды полиция бөлімшелерінің қызметкерлері енгізілген.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу сапасын арттыру мақсатында өткізілген жиында ағымдағы жылы 15 сәуірінде Мемлекет басшысының бұйрығымен енгізілген «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы талқыланды.
Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:
— денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
— неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика