• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Апр 13, 2024
Spread the love

Түркістан облысы ПД бастығының нұсқауына сәйкес браконьерліктің жолын кесу мақсатында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Мақсаты- балық және балық өнімдерін заңсыз аулау, тасымалдау, сатып алу немесе өткізуге қатысты экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған.
Ордабасы ауданында Арыс өзені, Бөген су қоймасы мен кішігірім каналдарда заңсыз балық аулау ережесін бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде заңмен тыйым салынған балық аулау құралдарын қолданудың 2 дерекгі тіркелді.
Олар балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу бойынша тіркеліп, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.
«Уылдырық» іс-шарасы ағымдағы жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика