• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Заңды білу – заман талабы

Автор:admin

Май 28, 2024
Spread the love

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп студенттермен демалыс алдындағы соңғы кездесулер өткізді.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып, жастарды спортқа баулу болып табылады.
​Кезекті кездесу «Индустриалды техникалық колледжінің» ғимаратында өткізілді. Оған Шымкент қаласының полиция департаментінен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков қатысты.
Ол студенттерге есірткінің зияны, оның адамға алып келер зардабы жайлы баяндап, есірткі қылмысын жасағандарға қатысты қолданылатын жаза түрлеріне де тоқталды. Есірткіге құмарту өз өміріне ғана емес, қоғамға зияны тиетінін айтып, жастарға тура жол сілтеді.
Мамандар өздерінің білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, өз жұмыстары туралы, өздерін және жақындарын қорғау үшін заңды білу қаншалықты маңызды екендігін айтты.
Айта кететін, ғаламтор арқылы сан алуан құйтырқы әрекетке баратын есірт­кі саудасын құрықтап оған тос­қауыл болу бір министрлік емес, барша ел­дің бірігіп, жұмыла жүргізетін әрекеті болуы керек деген ой келеді. БҰҰ мә­лі­­­метінше, әлемде 275 млн нашақор бар. Әрине, бұл нақты сан емес. Деген­мен бұл санның артып кетпесе, кемі­мей­тіні өкінішті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды отырыстардың бар­лы­ғын­да дерлік есірт­­кінің ұлт сау­лығына үлкен зиян әкеліп отырғанын ай­тып, сананы улаған осы бір кеселмен барынша кү­ресу керектігі туралы тиісті тапсырмалар да беріп келеді. Президент тапсырған соң Үкімет Қаулысымен Қа­зақ­стан Республикасының нашақ­ор­лыққа және есірт­кі бизнесіне қарсы кү­рес­тің 2023-2025 жыл­­дарға ар­нал­ған ке­шенді жос­пары бекі­тілді.
Нәтижесінде, 2025 жыл­­ға қа­рай есірткі тұты­ну­шы­лар­дың са­нын азайту, есірт­кіге тәуел­діліктен ұзақ­мер­зім­ді ре­миссия­сы бар кәмелетке тол­­­­ма­ғандар санын 15%-дан 20%-ға дейін арттыру, сондай-ақ есірткі тұ­ты­ну­шыларды 26%-дан 30%-ға дейін ме­дициналық-әлеуметтік оңалтумен қам­ту жоспар­ланған.
Бұдан бөлек, жаңа синтетикалық пре­параттарды, сондай-ақ азаматтарды медициналық куәландыру аясында алы­натын қан үлгілері мен басқа да био­материалдарды зерттеуді жеделдету үшін сот сараптама органдарының ма­териалдық-техникалық базасы ны­ғайтылмақ. Кешенді жоспарда көрсе­тіл­ген өзге де шараларды жүзеге асыру үшін бюджет есебінен 53,1 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қазір алғашқы қадамы жүзеге асырылу үстінде.
Кездесу соңында студенттер спикерлерге өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика