2023 жылғы 3 шілдеден бастап Департамент бастамашылығымен Облыс аумағындағы суармалы жерлерді мемлекет мұқтажы үшін және арнайы қорға алу әрекеттеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары басталды, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Осы орайда, талдау жүргізудің тәртібін түсіндіру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын-алу мақсатында жұмысшы топ Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, Агенттікпен әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдер Картасына жер қатынастары саласы енгізілгені, себебі осы саладағы проблемалық мәселелер біздің өңірдің тұрғындарын жиі мазалайтыны айтылды.
Сондай-ақ, жиынға қатысушыларға талдау жүргізу барысында жұмысшы топ құрамын тамаққа шақыру, сый-сияпат жасау, заңсыз ұсыныстар жасау фактісіне жол бермеу қатаң түрде ескертілді. Осындай заңсыздықтар орын алатын болса, заң шеңберінде тиісті жауапқа тартылатыны, яғни пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатыны баса айтылды.
Естеріңізге салсақ, Департаментпен Облыс аумағындағы суармалы жерлерді 2020-2023 жылдар аралығында мемлекет мұқтажы үшін және арнайы қорға алу әрекеттеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2023 жылдың 3 — 31 шілде аралығында сыртқы талдау жүргізіледі.
Аталған салаға қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпараттарды Департаменттің Түркістан қаласы, Тәуке хан көшесі, №100. WhatsApp: +7777-700-41-41, эл.почта: anticor13@mail.ru мекен — жайларына жолдауға болады.
Құрметті тұрғындар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік танытып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.