• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

ЖҰМЫССЫЗДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДЕГІ ЖҰМЫС ОРНЫНДА КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Окт 7, 2022
Spread the love

ҚР Үкіметінің 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» мақсатында

— біліктілікті (дағдыларды),

— кәсіптік оқытуға жолданатын жұмыссыздардың санын,

— оқыту ұзақтығы,

— жұмыс берушілердің сұратуы негізінде мамандықтар тізбесі мен адам санын бекіту жөнінде комиссия отырысы өтті.

2022 жылы ұлттық жоба бойынша жылдық жоспарға сәйкес, 760 азаматты оқыту жоспарланған. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен қарай 3 (үш) ай мерзімді құрайды. Жұмыспен қамту

Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.

Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады.

Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.

Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.

«Осы жобалардың көпшілігіне қатысу үшін жақын орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Не болмаса, Электронды еңбек биржасы немесе Электронды үкімет порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет», – деді Руслан Тілеубаев.

Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті.

Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.

3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді. Жыл басынан «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша 40 жұмыс беруші мекемеден 1240 адамға, 32 мамандық бойынша өтінім түсті.Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілерге зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы КММ директорының 24.03.2022 жылы №60-Ө бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топ 40 мекемеге толық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:

— салық және басқа да әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі бар 2 мекеме;

— материалдық-техникалық базасы стандартқа сәйкес келмейтін (яғни жұмыс орны сәйкес емес) 3 мекеме;

— мекеменің тіркелгеніне бір жылдан аспаған 1 мекеме.

Толық қағидадағы яғни критерияға сәйкес, 34 мекеме іріктелді.

Нәтижесінде, «Жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бойынша бекітілетін 34 жұмыс берушіге 760 жұмыссыз азамат тұрақты жұмысқа орналастырылады.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика