• Вт. Мар 25th, 2025
Популярные метки

Жұмыспен қамту шаралары Қазақстанда белсенді дамуда!

Автор:admin

Ноя 8, 2022
Spread the love

Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) базасында Бірыңғай цифрлық экожүйе немесе басқаша айтқанда, жұмыспен қамту саласындағы онлайн қызметтер супермаркеті құрылатын болады. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында: мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейін қолдап отырады. Бүгінгі таңда ЭЕБ базасында жұмыспен қамту саласындағы болашақ супермаркеттің 6 негізгі құрамдас бөлігінің 5-еуі іске асырылды. ЭЕБ негізгі элементі – бұл жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң Enbek.kz. Ол 205 жұмыспен қамту орталығынан, 44 жеке жұмыспен қамту агенттігінен және 5 онлайн жұмыспен қамту алаңынан бос орындарды шоғырландырады. Бұл алаңда азаматтар бағыттар, кәсіптер және дағдылар бойынша лайықты бос жұмыс орындарын, ал жұмыс берушілер – олардың талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді іздей алады. Бұл ретте Армения, Беларусь, Қырғызстан мен Ресейдің ұлттық ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігі бар «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де жұмыс табуға болады. «ЭЕБ арқылы жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді де оңай алу мүмкін болады. Өткен жылы 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ретінде тіркелді. Платформа арқылы азаматтар жұмысынан айырылуға байланысты әлеуметтік төлем алуға, субсидияланған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға, жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару үшін өтініш бере алады. Биыл аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ЭЕБ арқылы 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов. Сондай-ақ ЭЕБ базасында халық үшін қажетті дағдылар бойынша Skills Enbek – маркетплейс курстарының онлайн оқыту платформасы жұмыс істейді. Оқыту барлық ниет білдірушілер үшін қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Бүгінгі таңда 157-ден астам курс орналастырылған, олардың 103-і тегін. Бұл ретте 124 мыңға жуық адам белгілі бір курстан өтіп, тиісті дағдыларды игеру туралы сертификат алды. Бұл дағдылар бірыңғай цифрлық экожүйенің арқасында білім алушы-ізденуші тарапынан басы артық күш салусыз түйіндемені орналастыру және еңбек қатынастарын ресімдеу сервистерінде автоматты түрде көрсетілетін болады. «Жұмыспен қамтудың цифрлық инфрақұрылымындағы тағы бір жаңалық HR Enbek платформасы – жалдамалы жұмысшылардың еңбек жолын цифрлық есепке алу алаңы болды. Бүгінде платформаны 272 мыңға жуық жұмыс беруші пайдаланады, бұл елдегі барлық жалдамалы қызметкерлердің 63%-ын қамтиды» Дәулет Арғындықов Порталдың көмегімен электронды еңбек шарттарын жасау мүмкіндігі бар, осылайша қызметкерлер автоматты түрде электронды еңбек кітапшасын да толтыра алады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында басы артық құжаттар мен анықтамаларды жинамастан  жұмыскерлердің жеке істерін автоматты түрде қалыптастыруға болады. Платформа бизнеске электронды кадрлық іс жүргізуді тиімді жүргізуге, қызметкерлерді жалдау кезінде шығындар мен деректерді бұрмалау тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға анонимді өзін-өзі диагностикалау сервисі іске қосылды. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің маңызды элементі Business Enbek платформасы болып табылады, ол бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алудың: өтініш беруден бастап гранттың өзін алуға дейінгі барлық процестерін толық автоматтандыру үшін іске асырылған. Барлық құжаттама электрондық форматта ресімделеді. Қазіргі уақытта 12 мыңнан астам өтінім мақұлданды. Жыл соңына дейін барлығы 20 мың грант беру жоспарланып отыр. «Сонымен қатар біз Цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшуді жүзеге асырып жатырмыз, яғни жұмыспен қамту саласында бұрын офлайн форматта көрсетілетін барлық қызметтер цифрландырылатын болады. Ізденушілер кейс-менеджментті қолдана отырып, коммуникацияның барлық қолжетімді тәсілдерімен жеке кеңес және қолдау шараларын ала алады. Бұл халық үшін мемлекеттік қызметтердің барлық спектрінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді» Дәулет Арғындықов Келесі жылы тағы бір маңызды элемент – мамандықтар бойынша цифрлық жол сілтегішті іске қосу жоспарлануда. Ол еңбек нарығындағы барлық мамандықтар туралы ақпарат жиынтығының бір түрі болады, одан  әрбір ізденуші белгілі бір маманның не істейтінін, ол үшін қандай білім қажет екенін, орташа жалақы мөлшерін, еңбек нарығындағы осындай кадрларға деген қажеттілік туралы біле алады. Бұл мамандық пен одан әрі мансап таңдау алдында тұрғандарға көмектеседі. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» орны айрықша. Оған мемлекет тарапынан қомақты қаражат қаралған. Өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесі қандай, ауданда қанша адам тұрақты жұмыспен қамтылды? Осы және басқа да сауалдарға жауап іздеп көрейік. Аталған бағдарламаға қатысуға жалпы саны 3624 адам хабарласса, олардың барлығымен әлеуметтік келісім-шарт жасалған. Оның ішінде 29 адам өзін-өзі қамтыған қатарынан болса, 3595 адам жұмыссыз. Бағдарламаның І бағыты бойынша өткен жылға қайта даярлау курсына 350 адам жоспарланса, оқуға 394 адам жолданған. Мұның 356-сы оқу курсын толық аяқтады. Ал олардың ішінде оқуды аяқтаған бағдарлама қатысушыларынан 4 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. ІІ бағыт бойынша 107 жұмыссыз азамат кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау Бизнес» курсынан өтті. Қазіргі уақытта оқуды аяқтаған азаматтардың жобалары қаржы институттарында қаралуда. Жыл бойы 53 жоба 133,7 млн. теңгеге несиелендірілді. 53 жобаның ішінде барлығы 15 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 6 жобасы қолдау тапты. Нәтижесінде 53 жаңа жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның ІІІ бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық және жергілікті бюджеттен  55 адамға 15 млн. 132 мың теңге бөлініп, қаралған қаржыға аудан бойынша 28 кәсіпкерлік субъектісіне 151 адам жұмысқа жолданды. Олардың 1-еуі адам мүмкіндігі шектеулі азамат. Жастар тәжірибесіне жыл басынан 163  жас маман 73 мекемеге жолданды. 1 мүмкіндігі шектеулі азаматты қоса есептегенде 24 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Қоғамдық жұмысқа 400 жұмыссыз, оның 5-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат жіберілді. –Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, ауданда экономикалық белсенді халық саны – 24 мың 800 адамды құраса, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 23 мың 500 адам. Жалдамалы қызметкерлер – 13 мың 300 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғаны – 10 мың 100 адам, жұмыссыз халық саны – 1 мың 300 адам, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2 пайыз. Жастардың жұмыссыздық деңгейі – 5,5, әйелдердің жұмыссыздық деңгейі – 5,6 пайыз.  Тіркелген жұмыссыздар үлесі – 1,0  пайыз. Өткен жылдың 12 айында 878 адам тұрақты жұмысқа орналастырылса, оның ішінде мүгедек — 29, жазасын өтеп келгендер мен пробация есебінде тіркеуде тұрған – 10 адам және 16-29 жасқа дейінгі – 246 жас.Былтырғы жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланса, 1099 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 137,3 пайызға орындалды. Оның 802-сі тұрақты да 297-сі уақытша жұмыс орны болып табылады. Жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылдан бүгінгі күнге дейін 12 рет бос жұмыс орны жәрмеңкесі өткізілді,– дейді халықты жұмыспен қамту орталығының директоры. Осылайша өңірде жұмыссыздық мәселесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз шешімін табуда. Адамдар қай кезде бақытты немесе болашағына алаңсыз сеніммен қарай алады? Әрине, тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтылғанда, елдің әл-ауқаты артып, әлеуметтік тұрақтылыққа қол жеткізгенде ғана. Адам өзінің саналы ғұмырында маңдай терін төгіп, өзіне рухани және материалдық қажеттілігін өтейтін кәсіп тапқаны дұрыс. Бірақ еңбек адамның табиғи жетістігі деп түсінген халқымыздың бір бөлігі өзіне ұнамды, ыңғайлы, пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таппай қиналады. Дегенмен, елде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі күн тәртібіне еніп, көптеген бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Өзін-өзі жұмыспен қамту нарықтық қатынастарға тән болатын құбылыс. Жұмыспен қамтылудың бұндай түрі экономикалық және әлеуметтік факторлардың әрекетімен негізделеді. Посткеңестік кезеңдегі елдерде, соның ішінде Қазақстанда да өзіндік жұмыспен қамтылу болды, мысалы, жеке шаруашылық жүргізу, еңбек демалыс кезеңдерінде қосымша табыс табу, оқушыларды қосымша сабаққа даярлау және т.с.с. Нарықтық қатынастар өз бетінше жұмыспен қамтуды тауар өндірісінің жаңа кезеңіне шығарады, жалдамалы жұмыскерлердің қолдану жағдайын өзгертеді. Нарықтың экономикалық идеологиясы — әрбір еңбекке қабілетті адамның өзін өзі қамтамасыз ету мен өзіне өзі табыс табуына өту. Сонымен қоса, нарық еңбек етуге экономикалық қызметті өзгерте отырып, меншік институтын құра отырып, жаңа ынталаулар жасайды, кәсіпкерлік үшін жаңа жағдайлар қалыптастырады, яғни өз бетінше жұмыспен қамту – елдегі кәсіпкерліктің дамуы мен адами ресурстардың ұдайы өндірісіндегі жаңа бағыттың алғы шарттары. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы мәселені талқыламас бұрын, мынаны анықтау керек: өзіне-өзі жұмыс істейтіндер кім, олар қандай орынға ие, біздің елде олардың болашағы қандай болуы мүмкін, өзіндік жұмыспен қамту жағымды ма әлде жағымсыз құбылыс па деген бірқатар сұрақтардың жауаптарын қарастырайық. Өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігі, жеткіліксіз ғылыми әзірленуі және практикалық маңыздылығы зерттеу тақырыбын таңдауға, зерттеудің пәні мен нысанын, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауға себепші болды. Жұмыспен қамтуға екі қарама қайшы бағытталған фактор әсер етеді: еңбек өнімділігі мен өндіріс көлемі. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын бір жұмыс орнына жұмыскерлер соншалықты аз талап етіледі. Бұл жағдай нарықтық жағдайда және жұмыскердің бәсекеге қабілеттілігі еңбек нарығында маңызды фактор болғанда өзекті болып табылады. Жұмыспен қамту мәртебесінің халықаралық жіктемесіне (ICSE-1993) сәйкес жұмыспен қамтылғандар жалдамалы (ақы төленетін) жұмыскерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деп бөлінеді. Жалдамалы жұмыскерлерге жұмысқа алу келісімі бойынша марапаттау түрінде (еңбекақы) төленетін жұмыста еңбек ететіндер жатады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарбұл жалданбайтын жұмыспен қамтылғандар. Өзін-өзі жұмыспен қамту – марапаттау шамасы тауарларды, қызметтерді немесе жұмыстарды өндіруден алған табыстан тікелей байланысты болатын жұмыспен қамтылу. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды екі ірі топқа бөлуге болады: жалдамалы еңбекті тартпаған дербес кәсіпкерлер және жалдамалы еңбекті тартқан дербес кәсіпкерлер. Бірінші топ — жалдамалы еңбекті тартпаған дербес кәсіпкерлер: — өзіне өзі жұмыс жасайтындар; — фрилансерлер; — уақытша сипатта келісім бойынша жұмыс жасайтындар; — жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттік мердігерлері; Қазіргі еңбек нарығының  жалпы үрдісі жұмыспен қамтудың стандартты емес түрлерін дамыту болып табылады. Олардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамту кең таралған.  Экономикасы дамыған елдерде бұл негізінен аграрлық емес, экономикалық қызметтің өтімді түрлерінде ерікті түрде өзін-өзі жұмыспен қамту болып табылады.  Дамушы экономикаларда өзін-өзі жұмыспен қамту аграрлық сектормен көбірек байланысты, ол құрылымдық қайта құрудың әлсіз қарқынымен және шартты экономикада қажетті жұмыс орындарының болмауымен және қызметкерлердің жоғары біліктілігін қажет етпейтін қызмет көрсету саласының бөлігімен сипатталады. Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.   Әлеуметтік жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда құрылмайды.  Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы он екі айдан аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);

3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған жұмыссыздарға арналған.

Жастар практикасы уақытша болып табылады. Жастар практикасының ұзақтығы алты айдан аспайды.

Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса отырып өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);

3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжаттың көшірмесі .

ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады.

Қоғамдық жұмыстар республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер және жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:

1) жұмыссыздардың;

2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;

3) бос тұрып қалуға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуға ниет білдірген адамдар келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

  • жұмыс кітабы (бар болса);
  • білім туралы құжаттар (сертификат, сертификат, диплом), егер бар болса, оқуды аяқтағанын растайтын құжаттар (сертификат, сертификат).

Он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі, қоғамдық жұмыстарға қатысқысы келетін студент немесе орта мектеп оқушысы өтінішке:

  • ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі;
  • оқу үдерісінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға білім беру мекемесінің жазбаша келісімі.

АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫНА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ («АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ)

Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде еңбек нарығында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын беру және алғашқы жұмыс орнына бейімдеу мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтары «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды алғашқы жұмыс орнына орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады («Алғашқы жұмыс орны» жобасы).

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемінде жиырма төрт айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың бірінші жылы үшін еңбекақыны субсидиялайды.

Бірінші жұмысқа орналасу үшін өтініш берушілер жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);

3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ЖЕТКЕН ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРГЕН ЖҰМЫСКЕРДІ КЕЙІН АУЫСТЫРУМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ («ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ» ЖОБАСЫ)

Заңға сәйкес халықты жұмыспен қамтудың қосымша шараларын іске асыру шеңберінде жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды жұмысқа орналастыруды зейнеткерлік жасқа жеткен жұмыс істеп жүрген жұмыскерді кейін ауыстырумен жұмысқа орналастыруды («Ұрпақтар келісімшарты» жобасы) ұйымдастырады.

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасасқан шарт негізінде «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемінде он сегіз айға тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың алты айы үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды.

Астында жұмыспен қамту үшін «келісім-шарт ұрпақтар» жобасы, талапкерлер қоса тіркелген төмендегі құжаттармен бірге жұмыспен қамту орталықтарына өтініш:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жұмыс кітабының көшірмесі (бар болса);

3) білім туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларды ерікті түрде көшіру жүзеге асырылады:

1) жұмыс күші артық аудандардан (бұдан әрі — кету аймақтары) жұмыс күші жетіспейтін аудандарға (бұдан әрі — қоныс аударуға арналған аймақтар);

2) сол облыстың шегінде — экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу және тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға дейін.

Үкімет ішкі қоныс аударушыларды қабылдау үшін 6 облысты (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары) және кететін 8 облысты (Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, Алматы, Шымкент және Астана қалалары) анықтады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аударудың мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларды мемлекеттік қолдау мыналарға субсидия беруді қамтиды:

  • қоныс аудару (25 АЕК — бір аймақтың ішіне қоныстандыру үшін немесе 35 АЕК — елді мекен аймақтарына қоныстану үшін);
  • тұрғын үйді жалдау (жалдау) құнын өтеу және 12 айға ай сайын коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (15-20 АЕК — ауылдық жерлерге көшіп келгендер үшін немесе 20-30 АЕК — қалалық жерлерге көшкендер үшін).

Мемлекеттік бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер кету аймақтарынан қоныс аударуды жоспарлап отырған адамдар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді.

R ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика