• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Жұмсақ балмұздақтан келер қауіп аз емес

Автор:admin

Ноя 10, 2023
Spread the love

Көктем-жаз мезгілдерінде балмұздақ сататындардың саудасы қызады. Бірақ, сол балмұздақтардың сапасы қаншалықты талапқа сай екені ескеріле бермейді. Санитарлық талаптары сақталмаған жағдайда балмұздақтан уланып қалуыңыз әбден мүмкін екенін ескертеміз.
Әсіресе, өте жылдам дайындалатын жұмсақ балмұздақтан келер қауіп көп. Мұндай балмұздақты дайындау және өткізу үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, тазаланатын, жуылатын және дезинфекцияланатын конструктивті автоматтар пайдаланылуы тиіс. Автоматтарда жұмсақ балмұздақты дайындау кезінде дайындаушының техникалық құжаттамасына сәйкес келесі талаптар сақталуы қажет.
– құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған, қалпына келтірілген қоспаларды пайдаланады, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз су пайдаланылады;
– шикі, пастерленбеген сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді;
– тек оларды дайындаған орындарда ғана өткізуге рұқсат беріледі;
– қоспалардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы қажет;
– автоматтар үшін пайдалануға дайын тағамдық компоненттерді сақтау осындай тамақ өнімдерін дайындаушы белгілеген сақтау жағдайларына сәйкес жүзеге асырылады;
– қызметкерлердің санитарлық киіммен қамтамасыз етілуі және медициналық байқаудан өткендігі туралы кітапшаларының жұмыс орнында болуы;
– нысанда жұмысшылардың жеке бас гигиенасын сақтауға арналған жағдайдың болуы;
– жуу, тазалау және залалсыздандыру құралдарының болуына,  пайдалануына қойылатын талаптардың сақталуы.
Бүгінгі таңда аталған сауда нысандары эпидемиялық мәні болмашы нысандар тізіміне еніп, Қазақстан Республикасының №360-VI ҚРЗ 07.07.2020ж. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің  24-бабы  негізінде қызметін бастағандығы жөнінде хабарлама берумен шектеліп, кесте бойынша тексеруден босатылған. Сондықтан Қазақстан Республикасы  Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына, 5-тармақтың 3-тармақшасына сай нақты фактілер мен мән-жайлар, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер  көрсетілген жазбаша арыз-шағым мен мемлекеттік органдардың тапсырмалары  негізінде ғана жоспардан тыс тексеріледі.
Тұрғындардан жұмсақ балмұздақты тұтынар алдында аса сақ болуды сұраймыз, өйткені, мұндай өнімдер тез бұзылады. Жұмсақ балмұздақ сатып аларда, нысанның санитарлық жағдайы сізге ұнамаса немесе күдік туғызса, ондай балмұздақты алмай-ақ қойғаныңыз жөн. Бұл қадамыңыз сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!
Жұмсақ балмұздақты тұтынғаннан кейін Сіздің денсаулығыңыз нашарлап, улану белгілері (асқазанның ауырсынуы, құсу, жүрек айну, дене қызуының көтерілуі, т.б.) байқалса, тез арада дәрігерге барыңыз немесе «Жедел жәрдем» шақыртыңыз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика