• Ср. Июл 2nd, 2025
Популярные метки

ЖОЛ САПАСЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ КҮТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Май 17, 2025
Spread the love

Соңғы жылдары Түркістан қаласында инфрақұрылымды жаңғырту және қаланың климаттық ерекшеліктеріне бейімделген заманауи әдістерді енгізу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Соның ішінде коммуналдық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдану ерекше назарға алынған. Бұл бастамалар қаланың көркі мен тұрғындар өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында ауа аэрациясы әдісімен жол жамылғыларын суару жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл – климаттық жағдайы ыстық әрі құрғақ болып келетін өңір үшін аса маңызды қадамдардың бірі. Аэрация – жоғары температура жағдайында асфальттың қызып кетуін болдырмауға арналған заманауи әрі тиімді технология. Бұл әдіс +30°C-тан жоғары ауа температурасы жиі байқалатын елдерде кеңінен қолданылады. Осындай озық тәжірибені Түркістан қаласы да өз тәжірибесіне енгізіп отыр.
Аэрация әдісінің мәні – асфальт жамылғысын арнайы техникалар арқылы су бүркіп, оның температурасын төмендетуде. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде, күннің аптап ыстығы күшейген кезде өте тиімді. Мамандардың пікірінше, аэрация асфальт жабындарының қызып, еріп, соның салдарынан бүлінуіне жол бермейді. Жоғары температура кезінде жол беті жұмсарып, көлік қозғалысының әсерінен бұзылып, шұңқырлар пайда болуы мүмкін. Ал аэрация бұл үдерісті тежейді, сөйтіп жолдардың сапасы мен беріктігін ұзақ уақыт сақтап тұруға көмектеседі.
Сонымен қатар, аэрация әдісі қаланың экологиялық ахуалына да оң әсерін тигізіп отыр. Атап айтқанда, бұл тәсіл тек жол жабындарын ғана емес, жол бойындағы гүлзарлар мен жасыл белдеулерді де тиімді ылғалдандырады. Су бүрку барысында пайда болатын ұсақ су тамшылары өсімдіктерге қажетті ылғал мөлшерін жеткізіп, олардың ыстық күндерде күйіп кетуінің алдын алады. Нәтижесінде қала көшелеріндегі жасыл желектер көрікті күйінде сақталып, қала ландшафтының тартымдылығы арта түседі.
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері қазіргі уақытта аэрация жұмыстарын күніне екі мәрте – таңертең және кешкі уақытта – тұрақты түрде жүргізуде. Бұл уақыттар кездейсоқ таңдалмаған: таңертең күн толық қызбай тұрып, ал кешке күн ыстығы бәсеңдегенде суару жұмыстары тиімдірек болады. Аталған жұмыстар арнайы техникамен және су бүріккіш құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұл техника жол қозғалысына кедергі келтірмей, бірқалыпты әрі жүйелі түрде өз жұмысын атқарып жүр.
Бұдан бөлек, қала басшылығы алдағы уақытта аэрация әдісін кеңінен қолданып, оның аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл бағытта қосымша заманауи техникалар сатып алу, қызметкерлерді оқыту, жаңа көшелерді қамту сияқты нақты шаралар қабылдануда. Мұның барлығы Түркістанның дамушы, заманауи, экологиялық таза қала ретіндегі келбетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, Түркістан қаласында енгізіліп жатқан аэрация әдісі – тек жолдардың сапасын сақтау ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны жақсартуға, қаланың эстетикалық бейнесін арттыруға бағытталған маңызды жаңалық. Мұндай бастамалар болашақта еліміздің басқа да өңірлеріне үлгі болары сөзсіз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика